Танымал қазақстандық топ тарайтын болды
927
Танымал "Орда" тобы жақын арада тарайтынын жеткізді.
Топ мүшелері келер жылдың ақпан айында қоштасу кешін ұйымдастыратынын жеткізді.
Әйгілі "Орданың" тарайтынын топ әншісі Дастан Оразбеков хабарлады.
Осы жылғы тур біздің ортақ соңғы турымыз болмақ. 15 ақпанға үлкен қоштасу кеші жоспарланып отыр. Бұл "Орданың" 25 жылдық қоштасу концерті болады. Меніңше, тарайтын кез келді. Әрқайсымыздың жұмысымыз бар дегендей. Көңілде қимастық бар, әрине, - деді өнер иесі.Алайда олар түбегейлі өнерден кетпейтінін жеткізді.
Ешқайсымыз өнерден түбегейлі кетпейміз. Себебі, "Нұрлан Бішкекте "Елес" тобымен өнер көрсетеді. Оның үстіне қолөнері бар. Ерболат продюсерлік жұмысын жалғастырады, үлкен мега жобалары да бар. Есболат сценарист, кино саласына бет бұрып жатыр, - деді ол Revue News бағдарламасында.
Соңғы жаңалықтар
01.10.2026
23:20
Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арн...
01.10.2026
23:20
«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбед...
01.10.2026
22:41
"Қатты ауырып, жылап жібердім". Индира Елемес қ...
01.10.2026
22:17
Ресей прокуратурасы Тимур Турловты сотқа берді:...
01.10.2026
21:14
Бейнеуде адам өліміне әкелген жол апаты: Полици...
01.10.2026
21:10
Қазір кез келген адамға есігімді ашпаймын — Роз...