Thefiniko қаржы пирамидасы басшысына халықаралық іздеу жарияланды
788
Thefiniko компаниясының инвестициялық бөлімінің басшысы Дана Батыршина халықаралық іздеуге жарияланды.
Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.
Батыршина 1976 жылы дүниеге келді. Ташкент тумасы, шамамен 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Thefiniko-ны басқарды.
Ол азаматтардың жалпы сомасы 65,9 миллион теңге және 206,5 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатын заңсыз тартқан. Thefiniko компаниясы сауда және инвестициялау платформасы емес әрі әлемдік биржалардың ешбірінде тіркелмеген, – деп хабарлады ҚМА.Агенттік Thefiniko-ның ресми инвестициялық немесе сауда платформасы еместігін және әлемдегі ешбір биржада тіркелмегенін атап көрсетеді. Батыршинаның орналасқан жері туралы ақпараты барларға келесі нөмірлер бойынша хабарласу ұсынылады: +7 (701) 218-05-23 немесе +7 (727) 279-29-56. Пайдалы ақпарат үшін сыйақы уәде етілген. Фото: ҚМА
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
11:06
11 қыркүйек оқиғасына 25 жыл: АҚШ-ты дүр сілкін...
11.09.2026
10:47
Қауіпсіздік кеңесінде не өзгерді: Тоқаев жаңа ж...
11.09.2026
10:38
Президенттің қыркүйектегі сапары қызу өтпек: То...
11.09.2026
10:35
«Өзімді таңдаймын дегенге сенбеңіздер»: Индира ...
11.09.2026
09:13
«Тампон жылжып кеткен»: Атырауда мұрнына ота жа...
11.09.2026
09:01
Еркебұлан Тоқтар жауапқа тартылды