Тоқаев Путинге көңіл айтты
266
Мемлекет басшысы Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды. Президент құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Еске салайық, кеше Дағыстанның Махачкала және Дербент қалаларында лаңкестер шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады. Атыс кезінде 15 полиция қызметкері қаза тауып, 16 адам жараланды. Бұл сандар әлі де өсуі мүмкін. Дағыстанда үш күндік қаралы күн жарияланды.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
09:06
«Шәйіне дәрі қосып»: Қызылордада жаттықтырушы о...
15.09.2026
08:11
ҚҚДИ сауалнамасына қатысқандардың 86,7%-ы Прези...
15.09.2026
07:35
Семейде 15 шақты пышақ жарақатын алған оқушы ам...
15.09.2026
06:43
Ақбаян Мұқанғалиева емдеу орталығынан шыққан со...
14.09.2026
23:42
«Қамқорлық жасайын десем де мүмкіндігім болмады...
14.09.2026
21:25
Шымкент әуежайында сөмкесінен оқ табылған әйелг...