Тоқаев ШЫҰ-ны реформалау және жаңғырту қажеттігіне арнайы тоқталды
355
Қарқынды жаһандық өзгерістерге байланысты біздің алдымызда ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды міндет тұр. Ұйым аясының кеңею үдерісі жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, оны дамытуға тың серпін береді. Еліміз ШЫҰ-ға төраға ретінде Ұйымды ынтымақтастықтың бұдан да тиімді әрі көпжақты механизміне айналдыруды көздейтін теңгерімді ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, біз ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшының рөлін күшейтуді құптаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қазақстан Президенті айтылған барлық ұсыныс ШЫҰ-ға мүше елдерге ортақ игі мақсаттарға қол жеткізуге барынша үлес қосуға деген шынайы ниеттен туындағанын атап өтті.
Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, қолдағандары үшін Ұйымға мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне төраға болуымен шын жүректен құттықтап, Қытай тарапына табыс тіледі.
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
13:28
"4 бала сүйгім келеді". Бота Миа неліктен аналы...
21.09.2026
13:17
Айыппұл үкімі жойылды: Шымкенттегі балаға қатыс...
21.09.2026
13:16
«Бір-екі адам көз жұмғанын естідім». Бота Миа қ...
21.09.2026
12:55
Тимур Балымбетов: Мен – маскүнем әкенің қолында...
21.09.2026
12:50
Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің капиталы 15...
21.09.2026
12:34
«Тағы қосып жүрмесін»: Арман Қоңыр өзге қызбен ...