Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды
283
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды.
Қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті.
Ерекше айта кететін маңызды жаңалық – тоғызқұмалақ тақтасының ғарыш кеңістігіне шығуы. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді.
Бұл іс-шара үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны.
Бүгін жарыстың ашылу салтанатын Әлихан Байменов осы жобаның маңызы, оның қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға әсері, зияткерлік ойынның ғарыш кеңістігін қалай еңсергені туралы айтып берді.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы тоғызқұмалақ турнирінде 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және араб елдерінен келген 114 қатысушы бақ сынайды.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Соңғы жаңалықтар
01.04.2026
23:20
Нұрлан Сабуровтың Қытайдағы концерттері өткізіл...
01.04.2026
22:34
Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер ада...
01.04.2026
21:44
Қазақстандық жас талант “Барселонаға” өтті
01.04.2026
20:34
«200–250 мыңмен өмір сүруге болады»: Мәжіліс де...
01.04.2026
19:31
«Қатты ашулымын»: 10 тәулікке қамалған Асқар Жұ...
01.04.2026
18:55
«Мошенники» фильмі үлкен экранға жол тартты