Тоқаев: Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық
0
601
Мемлекет басшысы Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиын қатысушыларына ілтипат білдіріп, бұл диалог алаңы Астана халықаралық форумының аясында құрылғанын, ең өзекті жаһандық және өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасуға арналғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы жиында Ресей-Украина арасындағы қақтығысты шешу мәселесі жөнінде де пікір білдірді.
– Канцлер Шольцпен келіссөз барысында айтқанымдай, Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық. Бұл – Ресейдің әскери әлеуеті, Президент Путин жүргізіп отырған саясатты халқының қолдауы және тарихтың өзі дәлелдеп отырған факт. Сондықтан біз қақтығысты бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды, барлық мемлекеттің, соның ішінде Қытай мен Бразилияның ақылға қонымды жоспарларын қолдаймыз. Басқа жол жоқ. Әйтпесе, соғыс қос тарапты да жойып тынады. Кейбір әлемдік күштер бұған мүдделі шығар. Бірақ бұл тығырыққа тірейтін жол. Конструктивті келіссөздер арқылы бейбітшілікке ұмтылу – әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, стратегиялық парасаттылықтың көрінісі, – деді Президент.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
29.10.2025
23:28
“Жабайы”: Алматыда тортқа таласқан жұрт желі аш...
29.10.2025
22:49
“Көреалмаушылық”: Дариға Бадықова халықты сынап...
29.10.2025
21:46
Қазақстанның ең сұлу аруы анықталды
29.10.2025
20:46
Еркектерге тоқал сөзін айтуға заңмен тыйым салу...
29.10.2025
19:49
Қарағандыда «Дала Қырандары» нормативтері қабыл...
29.10.2025
19:33
"Екінші анамдайсыз": Роза Рымбаеваның келіні ен...