Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Алматыда сериал түсіріп жатыр
0
1114
Отадық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова сериал түсіріп жатыр. Бұл туралы продюсер Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Мөлдір Мұқанованың сериалына мектептегі жасөспірімдер тақырыбы арқау болған.
"Мына Мөлдір тағы не істеп жүр дейсіздер ғой. Еліміздің болашақ жұлдыздарымен кино түсіріп жатырмыз. Астанадан Алматыға чемоданым мен актерлерімді арқалап, америкалық-корейлік стильде мектеп жайлы сериал түсіруге келдік. Басты рөлде жасөспірім 10 оқушы. 10 түрлі мінез, 10 түрлі тағдыр, 10 түрлі арман. Жасөспірімдер мен мектеп жайлы кино болғандықтан, біразыңыз үйлеріңіздегі бір-бір бойжеткен мен бозбаланың өмірін кинодан көріп, түсіне аласыздар", - дейді ол.
Әзілкештің әйелі киноның стилін таңдауда жас балалардың қызығушылығын ескергенін алға тартады. Ол нағыз бақыт жас баланың жігерін ояту екенін де айтты.
"Киноның стилі бүгінгінің балаларының қызығушылықтарын ескере отырып таңдалды. Түрлі салада жүріп, көріп жас баланың көзіндегі отты жағу, бойындағы жігерді оятудан асқан бақыт жоқ екенін түсіндім. Ал болашақ жарық жұлдыздарымызға сәттілік тілеп қойыңыздар", - деді Мөлдір Мұқанова.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
24.12.2025
17:25
«Бәріне ұқсай береді екен»: Бибо Кенжебек Жанәб...
24.12.2025
17:18
"Баламмен ауруханада...": Гүлзира Айдарбекованы...
24.12.2025
17:05
БҚО-да бас салықшы пара алғаны үшін сотталды
24.12.2025
15:53
157 280 теңге: мемлекеттік сыйақыны кімдер ала...
24.12.2025
15:43
Тұрсынбектің тоқалы өзінің қай рудан шыққанын а...
24.12.2025
15:04
"Бәрі қымбаттайды": Экономист алдағы жылы елді ...