"Үйге қайтқаныңыз дұрыс": Бетін күйік шалған бойжеткен жұмысқа тұра алмай жүргенін айтты
710
Әлеуметтік желіде қыз оны жұмыс берушілер сыртқы келбетіне байланысты жұмысқа алмайтынын айтып, шағымын жеткізді. Ол басқалардың өзіне түсіністікпен қарап, шеттетпеуін сұрайды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Stan.kz жазды.
Мені ешкім жұмысқа алмайды. Не себепті екені түсінікті шығар. Бірде мен жұмысқа тұру үшін хабарласқанда оларға бетімді күйік шалғанын, тыртық іздері барын ескерттім. Олар не болса да келуімді айтты. Таңертең барғанымда “Бара беріңіз, үйге қайтқаныңыз дұрыс” деп шығарып салды. Әрине, қызметкердің сымбатты болуы керек екенін білемін және түсінемін. Бірақ адамдарды бұлай шеттету дұрыс емес деп ойлаймын, – дейді желі қолданушысы.Ару еріксіз “Сонда мен не істеуім керек?” деген сауал қойды. Айтуынша, ол мұндай жағдайды бірнеше рет басынан өткерген.
Жұмыс іздеп сөйлесіп, хабарласқанда жүзімде күйік іздері барын айтамын. Олар бірден қабылдай алмайтынын айтады немесе мүлдем жауап бермейді. Қазіргі заманда күйік іздері, тыртығы бар адамдарға жұмыс табу қиын. Қоғамдық тамақтанатын орындарда адам көп болатынын және онда түрлі адам жүретінін түсінемін. Бірақ адамдар адамгершілікке салып, бір-бірінің жағдайын түсіну керек деп ойлаймын. Бетімдегі тыртықтарда тұрған ештеңе жоқ деп санаймын. Менің қол-аяғым сау, жұмыс істей аламын, сөйлеймін, естимін, – дейді ашынған желі қолданушысы.Фото: видеодан скрин
Соңғы жаңалықтар
17.03.2026
17:19
Мәйіті қоқыстағы сөмкеден табылған: Ақтөбедегі ...
17.03.2026
16:10
Алматыда 7-сынып оқушысының қазасына қатысты ты...
17.03.2026
16:01
Жемқорлық бойынша сотталған Хаменова түрмеге ба...
17.03.2026
15:02
Президент жаңа Конституцияға сәйкес адал қызмет...
17.03.2026
14:56
Тоқаев алпыстан астам заңға түзетулер енгізу қа...
17.03.2026
14:47
Президент парламент сайлауы өтетін мерзімді атады