«Ұялатын едім». Дина Төлепберген тұрмыстары төмен кездегі үйін көрсетті
1121
Тележурналист Дина Төлепберген туған жері Шымкент қаласына барып, өзі тұрған көшені көрсетті. Айтуынша, ол сонда осыдан 20 жыл бұрын тұрған, деп хабарлады politico.kz.
Шымкент, 1 бөлмелі суық пәтер... Кішкентай кезімде достарыма пәтерімді, үйімді көрсетуге қынжылатынмын. Себебі тұрмыстың төмендігін көріп, ұялып, араласатындар алшақтайды деген қорқыныш болған еді. Мектептегі кезімде осы үйіме жақын құрбым келді. Ол не айтады, үй-жағдайымды көріп, қашқақтай ма деген ой болды. Бірақ жоқ, келесі күні оның маған қарым-қатынасы баяғы қалыпты күйде қалды. Мен сол кезде нағыз құрбы, нағыз жанымды түсінетін дос екенін ұғындым. Қазір де екеуміз сыр сақтамас құрбымыз, – деп жазды журналист.Сондай-ақ ол желідегі оқырманға қалта, киім, үйге қарап араласатын адамдардан алшақ болу керектігін құлаққағыс етті.
Нағыз дос, нағыз жанашыр жоқшылыққа да, тоқшылыққа да қарамайды, - деп түйіндеді сөзін Дина Төлепберген.Фото: дереккөз
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
22:56
Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде екінші ...
28.09.2026
21:40
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға б...
28.09.2026
20:32
Самарқандтағы шахмат Олимпиадасы: Қазақстан әйе...
28.09.2026
19:34
Семейде тіркемеге мінген «Өрмекші адам»: полици...
28.09.2026
17:52
«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Жаң...
28.09.2026
17:30
Әл-Фарабидегі жол апаты: полиция бастығының экс...