Қырғызстанда Арал теңізінің деңгейін көтеретін су электр станциясы салынады
276
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан «Қамбар ата ГЭС-1» жобасын бірлесіп жүзеге асыратын болды. Құрылысы мен пайдалануға қатысты келісімге үш елдің энергетика министрлері қол қойды,-деп хабарлайды politico.kz
Бұл жобаның 34%-ына қырғыз тарапы иелік етеді. Ал Қазақстан мен Өзбекстан әрқайсы 33%-ын алып отыр.
ГЭС сәтті салынса өңірде:
егістік алқабын суғару мәселесі шешіледі.
Су-энергетикалық тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.
Энергетикалық қауіпсіздік нығаяды.
Егер уағдаласқан елдер су ресурстарын тиімді және әділ пайдаланаса,
Арал теңізінің деңгейі де жылына 3,7 млрд текше метрге көтеріледі.
(станция Нарын өзенінде салынады. Нарын мен Қарадарияның қосылған жері - Сырдария. Өзен Арал теңізіне құяды).
Проектіні салуға Дүниежүзілік банк $5 млн берді. Оның $2 млн грант, қалғаны 2073 жылға дейін пайызсыз несие.
ГЭС бірінші агрегаты 2028 жылы пайдалануға беріледі.
Соңғы жаңалықтар
18.03.2026
20:06
136 млн теңгені жымқырған қаржы пирамидасын ұйы...
18.03.2026
18:59
«Мен бұны бейжай қалдырмаймын»: Шенеунік мұғалі...
18.03.2026
18:04
Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл и...
18.03.2026
18:02
Қазақстанда 30 елді мекенге су басу қаупі төніп...
18.03.2026
17:20
Рахат Тұрлыхановтың әйелімен жанжалы сотта қара...
18.03.2026
17:06
Америкалықтар асырап алған қазақ баласы 20 жылд...