«Қыздарым маған көрсетпей жылаған»: Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының шошып қалғанын айтты
0
1379
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ауырып қалған кезде балалары қорқып қалмасын деп қатты уайымдағанын айтты,-деп хабарлайды politico.kz
Шоу-бизнес өкілі Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, ауруханаға қандай күйде барғанын баяндады.
“Балаларым қорқып қалмасын деп уайымдадым. Таң намазының уақыты еді. Солқылдап тұрған басымды әрең көтердім. Айнаға қарасам, көзім кіртиіп, бетім бозарып тұрды. Әдеттегідей қатты шаршаған болармын. Ұйқының ақысын берсем, жазылармын дедім. Таңғы 9-ды күтіп, жұмысқа хабарластым. Сол күнгі кездесу, түсірілімдердің барлығын кейінге шегеруді тапсырдым да қайта жатып қалдым. Бірақ, ұйықтай алмадым. Қос қолдап басымды құшақтап жата бердім. Балаларым кезек-кезек бөлмеге кіріп, менің күйімнен шошып кетті. Сезім мен Алау маған көрсетпей, бөлмелеріне барып жылап алған. Нарұл үлкен жігіт болып, дәрігер іздеп, дәрі беріп, айналасына хабарласып жатты. Хан жанымнан шықпай қойды. Түн ортасына дейін алыстым. Бас ауырғаны күшейе берді. Шыдай алмай, құрбыма хабарластым. Шыдай алар еместігімді естігенде, 10 минутта келді де, ауруханаға жедел жеткізді. Дәрігерлер бірден жатыңыз деді. Үйдегі балаларым не болады деген оймен, күндізгі стационарда емделемін деп шештім. Бүгін міне бір апта, үй мен аурухананың ортасындамын. Бас ауырғаны сейілер емес. Емделіп жүргеніме балаларым үйренісіп, ақпаратты қабылдай алатындай уақыт болды. Енді ауруханаға жатуға болады. Ана - баланың санасында әлем. Әлем шайқалса оларға не болады? Маған деген жылы тілектеріңізді оқып жатырмын. Алғысым шексіз", - деп жазды ол.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
23.12.2025
13:29
"Түсте қонаққа барамыз деп едік": Азамат Сатыба...
23.12.2025
13:26
«Хиджабтағы әйелімді ерлерге апару ыңғайсыз»: Ш...
23.12.2025
13:07
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қорының басшылы...
23.12.2025
12:53
Қостанайда денсаулық сақтау басқармасының басшы...
23.12.2025
12:42
«Мұның қажеті не?»»: Дана Нұржігіт ресейлік шо...
23.12.2025
12:16
Павлодарда 10 жастағы баланың басынан бес жыл б...