Жамбыл облысында танк жеңіл көлікті жапырып тастады
787
Жамбыл облысында танк автокөлікпен соқтығысып қалды. Бұл туралы Telegram-дағы egov.press арнасы жариялады.
Әскери танк Жамбыл облысында ашық далада күтпеген жерден жеңіл автокөлікті қағып кетті. Ішінде жүргізуші болған. Егжей-тегжейлері анықталып жатыр, - деп жазды Telegram-арнасы.KAZ.NUR.KZ тілшісі Қорғаныс министрлігінен мәселенің анық-қанығын сұрап білген.
2024 жылдың 28 тамызында Гвардейск гарнизоны «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes маркалы автокөлік жол жүру ережесін бұзып, Т-72 танкісімен соқтығысқан. Әскери техника жүретін жерлерде «Танкке жол бер» белгісі қойылған. Жеңіл жарақат алған көлік жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Шағымы жоқ. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді ведомство.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...
12.09.2026
16:23
188 адам жаппай уланып, 15 бала ауруханаға түст...
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...
12.09.2026
14:24
Қарағандыда бір жастағы бала бағана орнатуға қа...
12.09.2026
13:18
Ирактан ұшырылған дрондар Сауд Арабиясындағы ір...