Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Дәкебаев 2 жылға сотталды
317
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісін сабаған Нұрболат Дәкебаевқа үкім шықты.
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық соты Нұрболат Дәкебаевты кінәлі деп тапты. Сот Дәкебаевты 2 жылға бас бостандығынан айырды.
Соңғы сөзінде Нұрболат Дәкебаев жәбірленушіден, қоғамнан кешірім сұрап, өзін бас бостандығынан айырмауды өтінген еді. Ол тергеу изоляторында 7 ай отырған. Оның тергеу изоляторында отырған бір күні түзету мекемесінде екі күн болып есептеледі.
Жәбірленуші сотталушыдан 5 млн теңге талап еткен. Сот шешімімен Дәкебаев 2 млн теңге өтеуге міндеттелді.
Еске салайық, 27 қаңтарда түнде шақыртумен бір жасар балаға барған жедел жәрдем жүргізушісі мен айыпталушының арасында жанжал туған еді. Арты төбелеске ұласып, жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды.
Фото: видеодан кадр
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
22:36
Болливуд фильміндегідей: Жақын құрбылар туған а...
15.09.2026
22:22
Алматыда прокурордың қатысуымен болған шулы оқи...
15.09.2026
21:47
Азамат Омаров кінәсін мойындап, тергеумен мәміл...
15.09.2026
21:09
Профессор: Алматыда 2,5 млн жалақы алатын ғалым...
15.09.2026
20:49
"Не Найман, не Жалайыр емессің". Мақсат Халық ө...
15.09.2026
20:36
Дастан Сатпаев жарақатына байланысты Қазақстан ...