12 жасында ана атанған қыз баланың жағдайы белгілі болды
Павлодар обдысының дәрігерлері 12 жасында босанған қыз баланың жағдайы туралы айтты. Мамандардың айтуынша, кәмелетке толмаған бала жүктілік кезінде медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болған, деп хабарлайды Politico.kz.
Өңірлік балалар омбудсменінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Павлодар облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Инесса Высоцкаяның пікірі жарияланды. Ресми мәлімет бойынша, 19 шілдеде жедел жәрдем бригадасы толғағы бар кәмелетке толмаған баланы перинаталдық орталыққа жеткізген.
«Қыз балаға дереу ота жасалды. Салмағы 3 360 келі, Апгар шкаласы бойынша 9-10 балл қыз бала дүниеге келді. Қазір ана мен бала бірге. Жаңа туған нәресте әзірше жасанды тамақтандыруда, толық тексеруден кейін ол омырау сүтіне ауысады. Ана атанған қыз бала өзін жақсы сезінеді, әрине, сәбидің де жағдайы жақсы. Қызметкерлер оны бала сияқты күтіп жатыр, барлық жағынан көмектесуге, қолдауға тырысып бағып жүр», – деді Павлодар облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Инесса Высоцкая.
Айта кетейік, осыған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде 12 жастағы қыз бала ана атанғанана атанған еді.
Фото: freepik.com