«Әйелі қазақша, өзі орысша білмейді» - Серікзат Дүйсенғазы туралы сыр
1435
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов «Жақсы адамдарым» бағдарламасында айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының әйелімен қалай танысқанын айтып берді.
Біз де жас болдық. Астанада «Баян» деген кафеде үнемі бас қосамыз. Бойдақ кезіміз. Бәріміз сол жерге қыздарымызбен келеміз. Бір күні Серікзат Айнұрды алып келді. Ол бірауыз қазақша білмейді. Солтүстік өңірінің қызы. Секең орысша білмейді. Айнұр көп сөйлемейтін. Бір күні сондай отырыстың бірінде Айнұр тұрып: «Серікзат, я пошла домой» деді. Досымыз да саспай: «Пошласы несі, қазір бірге пошла боламыз» деді. Отырған адамдар ду күлді. Біз «Қалай екеуің сөйлесесіңдер?» деп күлетінбіз, – деді Тұрсынбек Қабатов.Сондай-ақ ол Серікзат Дүйсенғазыны әйелдеріне еріп, орысша сөйлеп кететін ер-азаматтарға үлгі етті.
Көп ер-азамат Серікзаттан үлгі алса екен деймін. Әйеліне еріп, орысша сөйлеп кетпей, жарын қазақша сөйлетіп жіберді. Қазір Айнұр қазақшаны Серікзаттан да артық біледі. Балалары да сондай тәрбиелі, қазақша ғана сөйлейді, – деді әзілкеш.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
12:17
Қазақмыс Жезқазғандағы зауытты жөндеуге 4,4 млр...
28.09.2026
11:55
Мыс зауыттарын кім қаржыландыруы керек? Құсайын...
28.09.2026
11:46
Ғалым: Денсаулығы жарамайтындарды әкететіндікте...
28.09.2026
11:43
Алматыдағы 4 балдық жер сілкінісі: ТЖМ мәлімдем...
28.09.2026
11:33
Қайрат Нұртас Астанадағы концертін бір минуттық...
28.09.2026
11:32
Жанұзақ Әкім: Әскер басшылары жаңа келгендерден...