Қайрат Нұртас Астанадағы концертін бір минуттық үнсіздікпен бастады
Қазақстанның белгілі эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 27 қыркүйек күні елордадағы «Astana Arena» стадионында шығармашылығының 20 жылдығына арналған ауқымды мерейтойлық концертін өткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші кеш шымылдығын ашпас бұрын 35 мыңға жуық көрерменнен Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде мезгілсіз көз жұмған жас сарбаздардың рухына тағзым етуді сұрап, бір минуттық үнсіздік жариялады.
Әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында осы сәттің видеосын бөлісіп:
«Концерттің ашылуы. Бір минуттық үнсіздік. 35 мың адам. Тыныштық. Қазақстандықтар аман-сау, бейбіт өмір сүрсін», – деп жазба қалдырды.
Мерейтойлық шоу-бағдарлама барысында өнер иесі жанкүйерлерін жаңа әндерімен, ерекше сахналық образдарымен және қауіпті трюктерімен тәнті етті. Концерт соңында әнші тыңдармандарына алғыс білдіріп: «Рақмет, Астана! 35 мың көрермен. Бір стадион. Бір жүрек. Бұл ұмытылмас кеш болды», – деп тебіренді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.11.2026
18:34
ҚАЖК «Еңбек» кәсіпорны басшысының ұсталғанын жо...
12.11.2026
18:17
Министр Қазақстанда жоғары білім алу қымбат дег...
12.11.2026
17:13
Садыр Жапаров сайлау алдында ұлтаралық арандату...
12.11.2026
17:10
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институты...
12.11.2026
17:01
"Анам орыс тілді, бірақ қазір қазақша сөйлеуге...
12.11.2026
16:23
Павлодарда әйелді ұрып өлтіріп, мәйітін өртеп ж...