Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың 25 жыл бұрынғы суреттері тарады

0
642

Желіде Айгүл Иманбаева мен оның бұрынғы күйеуі, актер Сәбит Әбдіхалықовтың үйлену тойындағы фотолары жарияланды.

Архивтегі фотосуреттерді журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан іздеп тауып, жариялап жіберген.

Айта кетсек, Айгүл Иманбаева өзінің жақында екінші рет тұрмысқа шығып, найман еліне келін атанғанын сүйіншілеген еді.

Екі жыл бұрын Айгүлдің туған күнінде тілек айтып, тұрмысқа шығып, бақытты бол деп едім. Сол күн орындалды. Бірақ мені тойына шақырған жоқ. Кейде Айгүлге үйленген кезімді ұмытып қаламын, – деді актер Сәбит Әбдіхалықов.

Одан кейін 25 жыл бұрынғы үйлену тойлары туралы Айгүл Иманбаева айтып берді.

Кезекті киномызға идея келіп отыр. Осылай екеумізді үйлендіріп, тағы бір кино түсіруге болады екен. Сәбит екеуміз 1,5 жыл ғана бірге тұрдық. Асылжан 6 айға толғанда ажырасып кеттік. Бұл да бір естелік екен. 25 жыл өтіпті, – деді актриса.

Еске сала кетсек, бұған дейін Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен қазіргі қарым-қатынасы туралы да айтып берген болатын.

Қазақта ажырастың ба, бітті, өмір бойы жауласып өту керек деген ұғым қалыптасқан. Мен бұрынғы күйеуімнің үйіне барып, келіншегі Диконның шайын ішіп жүре беремін. Айналам қатты таңғалады. Өткенде Сәбиттің туған күні болды. Ол да ұлының фильміне түсіп жатыр. Түсірілім алаңындағы 20-30 адамды үйіне алып барды. Келіншегі дастарханын жайып, күтіп отыр екен. Сағат түнгі 12-ден ауып кеткен. Бара салып, аяқ-табағына араласып, кесе-қасықтарын қойып, кірісіп кеттім. Екеуміздің тағдырымыз солай болды. Ортада ұлымыз бар. Мен өкпелеп отырсам, ештеңе де өзгермейтін еді. Ол кісі балалы болса, ұлымның бауырлары дүниеге келіп жатыр деп қуанамын. Біздің қарым-қатынасымыз шынайы, – дейді ол.



ПІКІР ЖАЗУ