Алдағы үш күнде ауа райы күрт суытып, жаңбырдың соңы қарға ұласады
327
Қазгидромет 30 сәуір — 2 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады.
1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады.
Түнгі уақытта жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін.
Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанып отыр.
Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон ықпалымен солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градус үсікке дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Сондай-ақ, суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсікке дейін, күндіз 15-25 градус жылуға дейін төмендейді. Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...
03.10.2026
12:20
Алматыда 270 ерекше бала оқитын мектеп жабыла м...
03.10.2026
11:18
Ақтауда бала өлімінен кейін балалар хирургі ұст...
03.10.2026
10:10
Атырауда көлік иелерін 1,1 млрд теңгеден астам ...