"Алладан сұраңыз": Бозымбаев елімізде су тасқыны қашан болатынын болжай алмайтынын айтты
353
Үкімет басшысының орынбасары су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді,-деп хабарлайды politico.kz
"Қазір біз баспанасыз қалған адамдарды үймен қамтамасыз етеміз деп бар күш-жігерімізді соған жұмсап жатырмыз. Екіншіден, апатты алдын ала болжайтын жүйені жасауға назар аударып жатырмыз. 2 мәселені биыл қолға алып, тиісті министрліктерді қамтамасыз етіп, бәрін жасасақ, су тасқыны болса, келген шығын төмендеу болады", - деді Қанат Бозымбаев Үкіметтің баспасөз орталығында.Сондай-ақ, БАҚ өкілі "Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысын үйлестіретін адам ретінде сіз "келесі жылы елімізде осындай алапат су тасқыны болмайды" деп уәде бере аласыз ба?" деген сұрақ қойды. Үкімет басшысының орынбасары сұрақтың жауабын бір Құдай білетінін айтты.
"Оны кім айтады? Алладан сұраңыз... Су тасқыны бола ма, болмай ма? Оны Алладан сұраңыз", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
23:20
Үндістанда бес айдан бері тұрған кемеде Қазақст...
17.09.2026
22:20
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полици...
17.09.2026
21:22
«Екі рет көмек сұрап шыққан»: Астанада ерлі-зай...
17.09.2026
20:44
«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысынд...
17.09.2026
20:07
“Ақша не үшін бердік?”: Степногорскіде ауланы ж...
17.09.2026
19:08
Павлодардағы аялдамада құшақтасып жатқан екі ер...