Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полиция мән-жайды түсіндірді

17.09.2026 • 22:20 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полиция мән-жайды түсіндірді
1121
Фото: Shutterstock

17 қыркүйек кешінде Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында атыс дауысы естіліп, полиция шақырылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, аулада бірнеше мас күйіндегі жас жігіт болған. Олар агрессивті әрекет жасап, тұрғындардың мазасын алған.

Жағдайды тоқтатуға тырысқан үй тұрғындарының бірі газ тапаншасынан аспанға ескерту ретінде бір рет оқ атқан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жанжалға қатысқан барлық адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Құқық бұзған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданады.

Полиция әлеуметтік желілерде тұрғындардың біріне оқ тиіп, жарақат алғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Департамент бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий