Алматыда тағы біреу жүргізушіні балағаттап, автобустың әйнегін сындырды
2107
Алматыда келеңсіз оқиғаның куәгері жолаушының автобус жүргізушісіне қоқан-лоққы көрсеткенін видеоға түсіріп алған.
Жолаушы мен автобус жүргізушісі арасындағы жанжал түсірілген видео Almaty News Telegram арнасына жарияланды. Одан тәртіпсіз жолаушының автобус жүргізушісін қорқытқанын көруге болады. Ол бейәдеп сөздер айтып, содан кейін агрессивті әрекеттер жасаған. Ақыр соңында қоғамдық көліктің әйнегін сындырып тынған.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жолаушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, – делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
05.04.2026
14:08
Шымкентте қайыр сұраған әйелдің жанындағы бала ...
05.04.2026
13:30
Түркістан облысында суға кеткен сәбидің денесі ...
05.04.2026
13:07
Майқайыңдағы мәйіттер мен 6 жасар қыз: Полиция ...
05.04.2026
12:35
Атырауда бір топ жігіт екі полицейді соққыға жықты
05.04.2026
11:56
Полиция есебінде тұрған ақтаулық отбасының екі ...
04.04.2026
18:16
Қазақстандықтар бақыттырақ бола түсті