Алпауыт державалар текетіресте болған кезде, Қазақстан өте маңызды рөл атқара алады - Антониу Гутерриш
0
164
Астанадағы ШЫҰ саммитінің қарсаңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Silk Way-ге берген эксклюзивті сұхбатында аталған саммит пен Қазақстанның осы ұйымдағы рөлі туралы пікірін білдірді,-деп хабарлайды politico.kz
Оның пайымынша, БҰҰ мен ШЫҰ ынтымақтастығы әлемнің түрлі бөліктерін біріктіруге және алпауыт державалар арасындағы текетірестен келетін залалды шектеуге көмектеседі.«Ең алдымен, қақтығыстардың алдын алуда бірлесіп жұмыс істей аламыз. Яғни қақтығысқа жол бермеуге барынша күш салу керек. Біз терроризмге қарсы күресте бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Терроризм әлемнің осы бөлігінде әлі де қауіп төндіріп тұр. Сондықтан БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасы зорлық-зомбылық экстремизмі мен терроризмге қатысты мәселелер бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымымен толық ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын. Екінші жағынан, екі ұйым бейбітшілікке, диалогқа және проблемаларды шешуге ерекше мән беріп отыр», - деді Антониу Гутерриш.
«Алпауыт державалар бір-біріне қарсы болған кезде, Қазақстан сияқты елдер өте маңызды рөл атқарады. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымы және БҰҰ сияқты ұйымдар қақтығыстарды шешуде, халықаралық экономикалық қатынастарда әділеттілік орнатуда, дамушы елдердің мүддесіне орай халықаралық қаржы институттарын реформалау мен адам құқықтары саласында өзінің маңызды үлесін қосады. Адам құқықтары экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси және азаматтық құқықтарды қамтиды. Бұл мәселелерді баршамыз бірлесе қарастыруымыз керек, яғни қосарланған стандарттарға жол бермеу қажет. Менің ойымша, осы қадамдар адам құқықтары саласындағы прогреске ықпал етеді және түрлі дау-дамайға тосқауыл қояды», - деді БҰҰ Бас хатшысы.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
21.12.2025
16:38
Президент Санкт-Петербургке барды
21.12.2025
15:58
Тоқаев Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты
21.12.2025
15:51
Маған «Халық әртісі» атағы берілгенде, күйеуім ...
21.12.2025
14:46
Алматыда студент оқытушыны пышақтаған
21.12.2025
14:21
«Мақпалдың да кесірі тиді»: Генерал Шабдарбаев ...
21.12.2025
13:44
Аида Балаева Асанәлі Әшімовтің қазасына орай кө...