Алты қазақстандық әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
689
Forbes журналының дәстүрлі жарияланымында, Вячеслав Ким, Тимур және Динара Құлыбаевтар, Владимир Ким, Тимур Турлов және Болат Өтемұратовтың есімі ең бай қазақстандықтар ретінде аталды.
Биыл отандастарымыздың арасындағы ең бай адам атағын Вячаслав Ким алды. Әлемдік рейтингте ол 787-ші орыннан 511-орынға көтерілді. Forbes Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимнің байлығын 2024 жылы 5,8 миллиард долларға (бір жыл бұрын 3,6 миллиард доллар) бағалады.
Вячеслав Кимнің серіктесі Михаил Ломтадзе аталмыш тізімде 581-ші орынға тұрақтады. Грузия азаматы Ломтадзенің биылғы байлығы 5,3 миллиард долларға бағаланып отыр.
Ең бай адамдардың қазақстандықтар арасындағы тізімде екінші және үшінші орында “Алмэкс” холдинг тобының басшысы және тең иесі Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы Динара Құлыбаева тұр. Рейтингте олар 612-орынға жайғасты. Былтыр ерлі-зайыпты 636-орында еді. Құлыбаевтардың əрқайсысының дəулеті 5 миллиард долларға бағаланады. Бұл екі жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 1,4 миллиард долларға көп.
Соңғы жаңалықтар
16.06.2026
17:19
Путинді мысқылдаған ресейлік суретшіні Польшада...
16.06.2026
17:17
«Ауыл бізден кеткен емес»: Ләйлә Сұлтанқызы бал...
16.06.2026
16:22
Павлодарда пауэрбанк жарылып, блогер қыз ауыр к...
16.06.2026
16:09
Шымкентте Еңбек министрлігі департаментінің бас...
16.06.2026
15:28
Батыс Қазақстанда 7 бас дәрігер пара алды деген...
16.06.2026
15:25
Айтыскер ақын жолдасымен бірге жол апатынан көз...