Әріптесін төсекке шақырған депутаттың әнші қызы халықтан қолдау сұрады
807
Dequine лақап атымен танымал қазақстандық әнші харассментпен айыпталған әкесі – экс-депутат Асқар Cадықовқа қатысты өз пікірін айтты.
Әншінің айтуынша, болған жағдай оның жүйкесіне қатты әсер еткен. Күйзеліске түскен қыз көпшілікке мұндай оқиға болады деп ойламағанын жеткізді.
Соңғы күндері маған және әкеме қатысты көптеген жаңалықтар пайда болды. Болған оқиғаның қалай өрбіп жатқандығын өздеріңіз көріп отырсыздар. Әкем Асқар Садықовты жұмыс орнында харрасмент жасады деп ашық айыптады. Сіздер сияқты мен де болып жатқан жағдайдан есімді жия алар емеспін. Шынын айтқанда, мен не айтарымды да білмеймін. Не істеу керек, кімге сену керек және мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек екенін білмеймін. Өмір мені мұндайға дайындаған жоқ. Бұрын дәл осындай харассмент жағдайын бастан өткізген адам үшін бұл – үлкен сынақ», - деді әнші.Сондай-ақ ол жағдай өміріндегі ең қымбат деп саналатын отбасы және әйел құқығы құндылықтарын шытынатқандығын айтты.
Мен бірнеше жыл бұрын харассмент пен зорлық-зомбылық атаулысына қарсы болғанымдай, дәл қазір де сол позиция мен принциптерге адалмын. Зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптаймын. Бұл қиын кезеңде мені қолдайтын және жанашырлық білдіретін жандардың барына сенемін. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте қымбат, - деп налыды Dequine.Еске сала кетсек, оның өзінің де әншілік мансабының басы харассментке тап болған. Енді әкесі Асқар Садықов қызметкер әйелге ұятсыз ұсыныс жасағаны үшін Мәжіліс депутаты мандатынан айырылып отыр. Коллаж: ulysmedia.kz
Соңғы жаңалықтар
23.03.2026
11:58
Рудныйдағы оқиға: Полиция мен жасөспірім арасын...
23.03.2026
10:49
Полиция Ақтауда егде жастағы адамды ұрып кеткен...
23.03.2026
10:22
Шахтинскідегі жарылыс: Зардап шеккендердің бесе...
23.03.2026
09:59
Қазақстан мұнайдан қымбат бағаланатын киік мүйі...
23.03.2026
09:23
Қазақ эстрадасының жұлдыздары Жанболат пен Жази...
22.03.2026
17:23
Санжар Боқаев екі айға қамалды