110 миллион теңгеге бәс тіккен: Қазақстан футболында жанжал шықты

110 миллион теңгеге бәс тіккен: Қазақстан футболында жанжал шықты
06.10.2025 09:28
0
82
Pixabay

Қазақстанның Бас прокуратурасы ел футболындағы сыбайлас әрекеттер мен бәс тігу деректерін анықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, депутат Абзал Құспанның сауалына жауап ретінде жүргізілген тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар әшкере болған. Анықталғандай, “Ақтөбе” футбол клубының тоғыз ойыншысы еңбек шарттарында тыйым салынғанына қарамастан, жалпы сомасы 110 миллион теңгеге букмекерлік бәс тіккен.

Бұл фактілер бойынша Қазақстанның Футбол федерациясына заңбұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде федерация қаржылық тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған 33 тармақтан тұратын “жол картасын” әзірледі. Құжат аясында аудит, қаржы және этика комитеттерін құру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, кадрлық шаралар қабылданды: федерацияның бірнеше басшысы, соның ішінде басқарушы директор мен интегрити қызметінің жетекшісі қызметінен босатылды. Бірқатар қызметкерлердің лауазымы төмендетілді.

Бұған дейін депутат Абзал Құспан Қазақстан келісілген матчтардың саны бойынша әлемде төртінші орында тұрғанын айтып, ұлттық футболдағы адалдық пен әділ ойын мәселесінің өткір тұрғанын мәлімдеген болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий