Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үстіне секіретінмін

08.10.2026 • 21:34 Томирис САҒЫНДЫҚ
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үстіне секіретінмін
149
Фото: видеодан скриншот

Әнші, актриса, "Таңғы студио" жүргізушісі болған Перизат Алпыс экс-күйеуінің ойынқұмарлығы отбасылық өмірге қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Перизат Алпыс Айнұр Асанбердіге берген сұқбатында айтты.

«Кішкентаймын ғой, білмеймін. Далада мұздың үстіне тұрып алып, балам түсіп қалса екен деп секіретінмін. Мүлдем байқамадым. Жүріп жүрген кезде де проблемалар болатын. «Ақшамды жоғалтып алдым» деген сияқты айтатын. Бірақ жиі емес. Керісінше ақкөңіл болатын. «Қыздарыңды алып кел. Мейрамханаға отырғызамын» деп айтатын. Мен қыздарымның барлығын ілестіріп баратынмын. Біз дастархан жайып, ән айтып, күшті отыратынбыз. Қыздардың бәрі «Қандай ақкөңіл, бізді күтті» деп айтатын. Кәдімгідей күтетін», - деді Перизат Алпыс.

Ары қарай ол бұрынғы күйеуінің ойынқұмар екенін кеш білгенін айтты. Тіпті енесі айтқан кезде де сенбеген. 

«Жүріп жүрген кезде бір де бір рет байқамаппын. Күйеуге шыққан соң бірақ білдім. Оның өзінде анасы айтты. Анасына да сенбей, бірге тұрған кезде артын тіміскілеп ешнәрсе іздемедім. Оған сендім, ондай емес деп ойладым. Ақшасы жоқ, ол қалайша ойынқұмар болуы мүмкін деп ойладым», - деді Перизат Алпыс.

Войдите, чтобы оставить комментарий