«12 келі салмақ тастадым»: Әсел Сәдуақасова қалай арықтағанының төрт құпиясын бөлісті
Қазақстандық актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова жеке парақшасында артық салмақтан арылуға көмектескен тамақтану ережелерін айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі аталған әдеттердің арқасында 12 келі салмақ тастағанын және соңғы 5 жыл бойы өзіне қолайлы салмақты тұрақты ұстап келе жатқанын жеткізді.
"№1 ереже — бұл су. Бұрын мен газды сусындар, компот, морс, фреш сияқты барлық сусындарды ішетінмін, ал таза суды өте аз — күніне ең көбі бір стақан ғана ішетінмін. Уақыт өте келе осы әдетімді өзгерте бастадым", – деп бөлісті ол.
Қазіргі таңда тәтті сусындардан толық бас тартып, тек су ішетін продюсер күніне 1,5–2 литр таза су тұтынатынын атап өтті. Сонымен бірге ол қалған негізгі қағидаларын тізіп өтті.
"№2 ереже — тамақтану кезінде асты сумен ішпеймін. №3 ереже — соңғы тамақтану ұйқыға дейін 3-4 сағат бұрын болуы керек, бүкіл ағзаға демалыс беруге тырысамын. №4 ереже — ұн өнімдері мен тәттіні біртіндеп шектедім", – деді Әсел Сәдуақасова.
Соңғы жаңалықтар