12 жастағы оқушы алғашқы қоңырау кезінде қайтыс болды

Ульянов облысында 12 жастағы мектеп оқушысы 1 қыркүйекке арналған салтанатты жиын барысында өзін жайсыз сезініп, кейіннен ауруханада көз жұмды. Бұл туралы SHOT Telegram-арнасы хабарлады.
Оқиға Чердаклы ауданындағы Октябрьский ауылында орналасқан лицейде болды. Мектептегі алғашқы қоңырау рәсімі кезінде қыздың жағдайы күрт нашарлаған. Оған су беріліп, медициналық пунктке жеткізілді. Кейіннен жедел түрде ауруханаға апарылғанымен, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқушыда жүрек ақауы болған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Тергеу комитеті тексеріс жүргізіп жатыр.
Бұған дейін осындай қайғылы жағдай Новосибирск облысының Бердск қаласында тіркелген еді. 1 қыркүйекке дайындық кезінде 9-сынып оқушысының жүрегі тоқтап, ол жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Соңғы жаңалықтар





