1,3 миллиард теңге дауы: Павлодарда шенеуніктерді неге ақталып шықты?

04.06.2026 23:09 Қарақат АСЫЛОВА
1,3 миллиард теңге дауы: Павлодарда шенеуніктерді неге ақталып шықты?
159
«Жауапсыздық па, әлде қателік пе?»

Павлодар қаласында Баянауыл ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары мен тағы екі лауазымды тұлғаға қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Олар қоныс аударушылар мен кандастарға берілген 1,3 миллиард теңгеден астам субсидияға байланысты «лауазымдық салғырттық» бабы бойынша айыпталған еді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2022–2024 жылдары өңірде 280 адамға мемлекеттік бағдарлама аясында субсидиялар заңсыз тағайындалып, бюджетке ірі көлемде шығын келтірілген. Прокуратура бұл процесте өңірлік комиссия құрылмай, рәсімдер бұзылғанын алға тартқан.

Алайда сот барысында айыптаудың негізгі дәлелдері күмән тудырды. Судьяның айтуынша, айыпталушылар субсидия төлеу шешімін қабылдамаған және тиісті комиссия құрамына кірмеген. Сонымен қатар, келтірілген шығын мен олардың әрекеттері арасында тікелей себеп-салдар байланысы дәлелденбеген. Сараптамалық қорытынды да кейін күшіне енген заң нормаларына сүйенгендіктен жарамсыз деп танылды.

Сот қорытындысы бойынша, үш айыпталушы да қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты толық ақталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий