Қазақстанда бензин қымбаттайды - Энергетика министрі
431
Мәжілісте өткен брифингте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензин бағасы өсетінін мәлім етті.
Министр бағаның өсуі - Қазақстанда мұнай өнімдерінің жетіспеушілігімен байланыстырады.
"Қазіргі уақытта біздің нарық тапшылықты сезініп отыр. Тапшылықты жабу және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін модернизация жүргізіліп жатыр. Модернизацияны жүзеге асыру үшін тиісті қаражат қажет. Мұнай өнімдерінің бағасында жабдық сатып алу, қызмет көрсету, операциялық шығындар, логистика, жаңа мұнай құбыры және теміржол инфрақұрылымын салуға алынған қарыздар да есепке алынатын болады", - деп ескертті Сәтқалиев.
Cәйкесінше, бензин бағасының көтерілуі - мұнай өнімдерінің бағасына әсер етпей қоймайды.
"Бағаның қандай болатыны - ішкі нарықтағы мұнай бағасына байланысты. Қазіргі уақытта біздің ішкі нарықтағы баға көршілес елдермен салыстырғанда ең төменгі деңгейде, мұнай өнімдерінің бағасы да ең төменгі. Нарық ашылған жағдайда, біздің арзан өніміміз қымбат өнімдермен араласып кетеді, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне әсер етеді", - деп қосты министр.
Айта кетейік, 2036 жылы жеңіл мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі күтілгендіктен, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар
31.07.2026
17:22
Таиландта жоғалып кеткен әпкелі-інілі бауырлар ...
31.07.2026
16:24
Павлодарда бір жарым жасар сәби көз жұмды
31.07.2026
16:20
Мөлдір Мұқан желіде ажырасқан әкелерге үндеу та...
31.07.2026
16:17
Ақтөбеде 12 жастағы қыздың жағын сындырып қашып...
31.07.2026
15:26
"Қайшылықтар бар": Нұрай Серікбайдың өліміне қа...
31.07.2026
15:19
Сербияда қазақ қызы қайтыс болды