«Бекболат Тілеуханның күйеубаласы еді»: Мырзахан Махановтың үйлену тойы желіде дау туғызды

«Бекболат Тілеуханның күйеубаласы еді»: Мырзахан Махановтың үйлену тойы желіде дау туғызды
Фото: sn.kz

«Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Махановтың шаңырақ көтеруі желіде қызу пікірталасқа ұласты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін Бағлан Әбдірайымовтың өнердегі әріптесінің тойынан жариялаған бейнежазбасы оқырмандардың екіұдай пікірін тудырды. Желі қолданушылары әншінің өткен некесі мен жеке өміріне қатысты түрлі сыни әрі қызығушылыққа толы жазбалар қалдыруда.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі жас жұбайларға шынайы бақыт тілесе, екінші бір тобы өнер иесінің қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның бұрынғы күйеубаласы болғанын алға тартып, алғашқы отбасының бала сүйе алмағандықтан ажырасқанын сөз етуде. Оқырмандар арасында «Бала болмаса, әйелді тастап кету керек пе?» деген секілді өткір сауалдар тастап, пікір қалдырғандар да кездеседі. Тіпті кейбірі әншінің басқа әншімен әйелінің көзіне шөп салғанын да жазып кетіпті, сөзіне дәлел болу үшін бұрынғы жарының жазбасын скриндеп салған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу