15 млн қазақстандықтың дерегі тарады деген ақпарат жалған болып шықты

12.08.2026 18:26 Қарақат АСЫЛОВА
15 млн қазақстандықтың дерегі тарады деген ақпарат жалған болып шықты
180
Ашық дереккөз

Бүгін ақпарат кеңістігінде eGov жүйесі бұзылып, Қазақстанның 15 миллион азаматының деректері тарады деген ақпарат жалған болып шықты,деп хабарлайды Politico.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі уәкілетті органдармен бірлесіп техникалық тексеру жүргізіп, eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылмағанын анықтады.

Ведомство мамандары darknet желісінде сатылымға шығарылған файлдарға да талдау жасаған. Нәтижесінде олардың әртүрлі белгісіз файлдар мен суреттерден тұратын жиынтық екені анықталған. Бұл eGov жүйесінен алынған деректер базасының көшірмесі емес.

Министрлік жарияланған деректердің көлемі мен мазмұны да бір-біріне сәйкес келмейтінін атап өтті. Сонымен қатар eGov жүйелерінде паспорттардың скан-көшірмелері сақталатын база жоқ. Цифрлық құжаттар басқа тәсілмен қалыптастырылып, сақталады.

Осыған байланысты министрлік eGov жүйесі бұзылмағанын және 15 миллион азаматтың деректері мемлекеттік жүйелерден алынбағанын ресми түрде мәлімдеді.

Ведомство БАҚ пен ақпараттық ресурстарды darknet-тегі анонимді хабарландыруларды расталған факт ретінде таратпауға шақырды. Миллиондаған азаматтың дербес деректеріне қатысты ақпаратты жарияламас бұрын оның шынайылығын мұқият тексеру қажет.

Войдите, чтобы оставить комментарий