«Деструктивті ұйымның ықпалында»: Нұртас Адамбайдың әйелі күйеуінің «сектаға» кіріп кеткенін айтты
Танымал отандық режиссер және актер Нұртас Адамбайдың жары Ғалия Адамбай отбасындағы түсініспеушіліктерге байланысты желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, күйеуі белгілі психолог Төребек Бекбаевтың жетегінде кетіп, соның деструктивті көзқарастарын ұстанып жүр. Бұл жағдай отбасының шырқын бұзып, балалардың дамуы мен денсаулығына кері әсерін тигізген.


.jpg)


Ғалия Адамбай Instagram парақшасында бұл ағымды «секта», ал оның идеяларын «төребекщина» деп атады. Айтуынша, аталған қағида бойынша баланы өз еркінен тыс еш нәрсеге, тіпті денсаулығы мен гигиенасына қатысты мәселелерде де мәжбүрлеуге болмайды.
«Үйде кішкентай баланың тісін тазалату немесе оған дұрыс тамақ беру күнделікті күреске айналды, бұл – нағыз азап. Өйткені әкесі қызына ешқандай шектеу қойғызғысы келмейді. Ал өзі болса денсаулығына мұқият қарап, уақтылы емделіп, пайдалы тамақтанады», – деп жазды ол.
Режиссердің жұбайы бұл жайтпен бес жыл бойы күресіп келе жатқанын, әу баста отбасы мәселесін жария еткісі келмегенін айтты.
«Секта осылай жұмыс істейді. Оның зардабын балалар мен әйелдер тартады. Мен барлық құжаттар мен мамандардың қорытындысын жариялаймын. Оның уақыты келеді. Әзірге мен үшін балаларымның жағдайы бірінші орында», – деді Ғалия.
Алайда күйеуінің қысымы мен ақылға сыймайтын әрекеттерінен кейін мәселені көпшілік назарына ұсынуға мәжбүр болған. Ол сөзінің дәлелі ретінде жақын арада тиісті құжаттар мен сарапшылардың қорытындысын жариялауға дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар Ғалия Адамбай қазіргі уақытта оған заңгерлер мен тиісті сала мамандары көмек ұсынып жатқанын, ал өзі Нұртас Адамбайдың сөздері мен әрекеттері үшін бұдан былай жауапкершілік көтермейтінін баса айтты.
Соңғы жаңалықтар