150 мың теңгеге көтеріле ме: министр ең төменгі жалақы туралы не дейді

21.04.2026 11:58 Әсел Мұрат
150 мың теңгеге көтеріле ме: министр ең төменгі жалақы туралы не дейді
297
Фото: Максим Золотухин

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Асқарбек Ертаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте ең төменгі жалақы мөлшеріне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

«85 мың теңгені көтеру бойынша 2024 жылы арнайы қағиданы жасап, оны уәкілетті органдарға жібердік. Қазір оны Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, басқа да уәкілетті органдар қарап отыр. Жақында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин негізгі мақсат бұл көрсеткішті 150 мың теңгеге жеткізуге тырысуымыз керек екенін айтты. Мен бұл жерде түсіндіріп өтейін. Жалпы қазір 85 мың теңгеден көтеру жағын Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нақты жоспарды белгілеп қойды. Оның мерзімі бар, қазір талқылау жүріп жатыр. Содан кейін біз ортақ шешімге келуіміз қажет», – деді Асқарбек Ертаев.

Ол ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру жоспары бар екенін жеткізді.

«Бірақ оның қаншаға көтерілетінін нақты айта алмаймын. Себебі оны пысықтап, талқылау керек», – деп атап өтті министр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий