"16 жасар қызға үйленіп, алты ай қорлаған": тағы бір алып қашу оқиғасы елді дүрліктірді
Шымкентте кәмелетке толмаған қызды алып қашуға қатысты тағы бір резонанс тудырған оқиға туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға үш жыл бұрын болған: 16 жастағы қызды 20 жастағы жігіт ұрлап әкетіп, жалдамалы пәтерде күш қолданған. Жәбірленушінің отбасы қылмыскерлердің әлі күнге дейін жазасыз жүргеніне шағымдануда.
Күдікті қызды өз үйіне апарып, күшпен келін қылып қалдырмақ болған. Қызын құтқаруға келген әкесіне де қарсылық көрсетіп, күш қолданған. Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, күдіктілер былай деген:
«Қызыңыз өзі қалғысы келеді. Жігітті неге соттатасыз? Қызыңызды үйге әкелсеңіз не істейсіз, ол бұзылған, енді ешкім алмайды». Кейін тіпті: «Оны 20 жылға соттап, кастрация жасаса, обал емес пе?» деп айтқан.
Бойжеткен күдіктінің үйінде үш ай бойы еркінен тыс тұруға мәжбүр болған. Осы уақыт ішінде оқуын жалғастыруға тыйым салынған, шәкіртақысы тартып алынған және үнемі соққыға жығылған. Ақыры қыз үш айдан кейін қашып шыққан.
Алайда Шымкент қаласының прокуратурасы істің қылмыс құрамы толық болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлады.
Бұл оқиға қоғамда қыз алып қашу дәстүрінің қылмыстық сипатын тағы бір рет көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандарға қатысты мұндай әрекеттер заң бойынша ауыр жазаға әкеп соғуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар