28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады

28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
Фото: Ақорда(2025)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп жазады Politico.kz Ақордаға сілтемемен.

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қатысады. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер шақырылған.

Айта кетейік, 28-30 қазан аралығында мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен сол елге ресми сапармен бармақ.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстан халқына Жолдауын 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу