1,7 млн оқушы тегін тамақтанбақ: ата-аналар мектеп асханасын үйде отырып бақылай алады

06.08.2024
10:52
0
304
1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы мектепте тегін тамақпен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады politico.kz.
1 қыркүйектен бастап 1,7 млн қазақстандық оқушы мектепте тегін тамақпен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының балалары бар, - деді министр.Бұдан бөлек, Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, eGov Mobile мобильді қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Жоба ата-аналарға қызметті проактивті түрде алуға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазір тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді. Жобаны кеңейту үшін мектептерді тамақтандыруды есепке алу мен тіркеу жүйелерімен қамтамасыз ету және оларды «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.Пилоттық жоба Ақмола, Маңғыстау облыстарында және Астана мен Шымкентте сынақтан сәтті өтті. Мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізіледі. Жалпы, биылғы жаңа оқу жылында барлығы 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн оқушы үшін сабақ басталады. Оның ішінде 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде мектептердің 90%-ы оқулықпен қамтылған. Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды қолдау шаралары да жалғасып жатыр. Балаларды оқу құралдарымен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында 22,6 млрд теңге бөлінген. Ол 510 мың баланы мектепке дайындауға жұмсалады. Фото: avatars.mds.yandex.net
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

22.05.2025
11:25
"Сөйлесіп қойғанмын". Шерзат сотында күмәнді ди...

22.05.2025
11:18
Жамбылда малшы иесінің бар малын құмар ойынға т...

22.05.2025
10:37
Дәрігер масалардың қай қан тобындағы адамдарды ...

22.05.2025
10:10
Жамбыл облысында екі оқушыны көлік қағып кетті

22.05.2025
10:02
«Сіз қартаймайсыз»: Тоқаев пен Ердоған Түркі са...

22.05.2025
09:51
“Күн суытады”: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы...