20 жастағы бойжеткен қайтыс болған сүйіктісіне тұрмысқа шықты

03.12.2025 11:11 Мөлдір Талғат
20 жастағы бойжеткен қайтыс болған сүйіктісіне тұрмысқа шықты
0
191
Фото: РИА Новости

Үндістанда 20 жастағы Анчал есімді қыз ауыр қазаға қарамастан ерекше шешім қабылдап, қайтыс болған сүйіктісіне тұрмысқа шығуға бел буды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

India New England мәліметінше, жерлеу рәсімі кезінде ол дәстүрлі некелік жоралғыларды орындап, марқұмның денесіне куркума жаққан және маңдайына синдур – ерлі-зайыптылықты білдіретін қызыл жолақ түсірген. Осылайша Анчал қоштасудың соңғы сәтінде Сакшам Тейтпен некесін қидырған.

Жігіттің өлімі Анчалдың отбасы арасындағы кастааралық некеге қарсы ашық қарсылықтың салдары болған. Қыздың әкесі мен ағалары Сакшамды таспен ұрып, кейін атыс қаруымен атып өлтіргені хабарланды. Осындай ауыр қылмысқа қарамастан, Анчал сүйіктісімен байланысын үзбей, енді оның отбасында жесір ретінде өмір сүретінін айтқан.

«Біздің махаббат жеңді. Сакшам өлсе де, әкем мен ағаларым жеңілді» деп мәлімдеді Анчал.

Полиция бұл іске қатысы бар алты адамды тұтқындады. Қыздың туыстары ең қатаң жаза қолданылуын талап етіп, Сакшамның өлімі үшін әділдік орнатуды сұрап отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий