​«Жұрт тараған соң жалғыз қалды»: Майғазиевтің анасын жерлеу сәтінен видео шықты

15.10.2026 • 12:09 Мөлдір ҚАЙНАР
​«Жұрт тараған соң жалғыз қалды»: Майғазиевтің анасын жерлеу сәтінен видео шықты
93
Фото: коллаж sn.kz

Анасынан айырылған белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің зират басында жалғыз қалып, көз жасына ерік берген видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің қабырғасын қайыстырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әсерлі кадрларды жерлеу рәсіміне қатысқан өнер иесінің жақындарының бірі жариялаған. Ол ана қадірі мен жақынынан айырылған жанның ауыр халін сипаттап, өнер иесінің сол сәттегі күйзелісімен бөлісті.

«Жұрт тараған соң, Сәкен ағамыздың анасы Ұлтай әжеміздің басында жалғыз қалып, Құран оқып, жылағанын көріп, жүрегім елжіреді… Анадан айырылудың қандай ауыр екенін бүгін терең сезіндім. Анаға деген махаббат пен сағыныштың шегі жоқ екен», — деп жазды видео авторы.

Сондай-ақ жазба иесі марқұмның артында қалған ұрпағына сабыр тілеп, ананың орны әр баланың жүрегінде мәңгі өшпейтінін айтып, қара жамылған отбасына көңіл білдірді. Желі қолданушылары да өнер иесіне толассыз жұбату сөздерін жазып, қайғысына ортақтасып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий