20 жастағы ер адам 6 жастағы көрші қызды өлтіріп, артынан зорлаған

20 жастағы ер адам 6 жастағы көрші қызды өлтіріп, артынан зорлаған
06.08.2025 12:30
0
471
ашық дереккөз

Индонезияның Оңтүстік Суматра провинциясында полиция 20 жастағы ер адамды көрші тұратын алты жасар қызды өлтіргені үшін қамауға алды. Күдікті өзінің әрекетін порнографиялық материалдарға тәуелділігімен түсіндірген. Бұл туралы BITV Online ақпарат көзі хабарлайды.

Оқиға Менанг Рая ауылында орын алған. Тергеу мәліметтері бойынша, Рози Янто есімді күдікті жәбірленушіні шамамен жарты жыл бойы таныған. Ол баланы тәтті алып беремін деп алдап, тоғайға ертіп апарып, сол жерде қылмыс жасаған.

Күдікті тергеу барысында өз кінәсін толық мойындаған. Оның айтуынша, ол алдымен қызды тұншықтырып өлтіріп, кейін екі рет жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттеріне барған. Рози Янто бұл әрекетін тек порнографияға тәуелділікпен ғана емес, сондай-ақ "үйлену" ниетімен де байланыстырған. Ол бала қарсылық көрсете алмайды деп ойлағанын айтқан.

Қылмыс жасағаннан кейін ол ештеңе болмағандай үйіне қайтып келген. Қазіргі таңда ол балаларды қорғау туралы заң бойынша айыпталып отыр. Аталған заңнамаға сәйкес, оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий