2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды
637
Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда туризмді дамыту саласындағы 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттер туралы баяндалды,
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев былтыр инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қатысты жалпы құны 31 млрд теңгеге 33 жоба іске асырылғанын жеткізді. Биыл 289 млрд теңгеге 70 жоба жүзеге асырылмақ. "Маңызды жобалардың ішінде "Жылы жағажайдың" туристік объектілерін сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған "Каспий" тұщыландыру зауытының қуаттылығын арттыру жобасын атап өткім келеді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы Хан Ордасы объектісіне, Атырау қаласындағы Сарайшық қалашығына және Ұлытау облысындағы Жошы хан кесенесіне дейінгі жолдарда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл – мәдени-туристік нысандардың қолжетімділігін айтарлықтай арттырады", - деді министр. Алқа мәжілісінде Маржықпаев өткен жыл туристік сала үшін жемісті болғанын айта келіп, биыл бұдан да жоғары нәтижелі болатынына сенімді екенін жеткізді. "2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Іс-шараның ашылу рәсімі 28-29 наурыз күндері Бейжің қаласында өтеді жоспарланып отыр. Ал бір жыл бедерінде туризм түрлері бойынша тақырыптық апталар, Қытайдың 7 ірі қаласында (Бейжің, Сиань, Шанхай, Үрімші, Гонконг, Ханчжоу, Чэнду) ТОП-20 отандық дестинациялардың тұсаукесерін өткізу жоспарланған
Последние новости
04.03.2026
23:18
Ираннан атылған зымыраннан кейін Ердоған НАТО-м...
04.03.2026
22:02
Тайландта тарихи жеңіс: Қазақстан қоржынына алғ...
04.03.2026
21:07
Алматы облысында жеті баланың әкесі аса қатыгез...
04.03.2026
20:00
«88 миллион тапқан»: Ұлттық экономика министрін...
04.03.2026
19:02
«Қатты қорықтық»: БАӘ-дегі қазақстандықтар елге...
04.03.2026
17:43
Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшей...