2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

06.01.2026 • 15:38 Әсел МҰРАТ
2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды: Тоқаев жарлыққа қол қойды
2723
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақорданың мәліметінше, 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды.

Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында президент үкіметке Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Осы жарлықтың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелді.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий