2026 жылдан бастап салық қалай өзгереді? Ең басты 5 жаңалық

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдан бастап күшіне енетін салықтық өзгерістерге байланысты азаматтар мен кәсіпкерлер тарапынан жиі қойылатын сауалдарға түсініктеме берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
1. 2026 жылы тұрғын үйді өткізу кезінде ҚҚС-тан босату
Тұрғын үйді, тұрғын үйдің бір бөлігін өткізу 2026 жылға дейін тұрғын үй құрылысы басталған немесе пайдалануға қабылданған жағдайда қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады. Құрылыстың басталу күні – тапсырыс беруші құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша қызметті бастау туралы хабарламасында көрсеткен күн болып есептеледі
Негіз: Салық кодексінің 476-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы.
2. 2026 жылы ҚҚС-ты есепке алу кезеңі
ҚҚС мына жағдайларда есепке жатқызылады:
- сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша – оларды алған күні;
- үшінші елдерден импортталған тауарлар бойынша – тауарды шығарған күні;
- ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша - импортқа ҚҚС төленген күні;
- бейрезидент сатып алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша – электрондық шот-фактура жазып берілген күні.
Негіз: Салық кодексінің 481-бабы.
3. Бейрезидентке ҚҚС бойынша ЭСФ қашан жазып беріледі
Бейрезидент алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша айналымға арналған электрондық шот-фактура (ЭСФ) бейрезидентке ҚҚС бюджетке төлегеннен кейін және төлем күнінен кейінгі күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей жазып беріледі.
Негіз: Салық кодексінің 493-бабының 9-тармағы.
4. 2026 жылдан бастап ҚҚС декларациясын (300.00 – нысаны) тапсыру мерзімі
2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша декларация (300.00 - нысаны) есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 15-інен ерте емес және есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кеш емес мерзімде ұсынылады.
Негіз: Салық кодексінің 505-бабы.
5. ЭСФ бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасына белгі қою
ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00 - нысаны) тапсырғанға дейін ЭСФ ақпараттық жүйесінде есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі қояды.
Негіз: Салық кодексінің 480-бабының 9-тармағы.
Соңғы жаңалықтар




