20-қабаттан құлаған екі жасар бала аман қалды

04.07.2025 • 09:45 Мөлдір ҚАЙНАР
20-қабаттан құлаған екі жасар бала аман қалды
705
Facebook

Қытайдың Чунцин қаласында екі жасар бала 20-қабаттан құлап, керемет жағдайда тірі қалды. Бұл туралы Mothership басылымы хабарлайды.

Оқиға көпқабатты тұрғын үй кешенінде болған. Бала бірнеше минутқа әжесінің қарауынсыз қалып, осы сәтте биіктен құлап кеткен. Алайда оның құлауын ағаш бұтақтары мен бұталар жұмсартқан. Соған қарамастан, бүлдіршіннің көптеген сүйегі сынып,  ауыр жарақаттар алған.

Жанында жүрген тұрғын үй кешенінің күзетшісі бірден әрекет етіп, баланы көтеріп алып жақын маңдағы ауруханаға қарай жүгірген. Жолда ол сәбиді полицейге табыстап, полицей баланы шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізген. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақтандырғанымен, ауруханаға түскен кезде оның жағдайы аса ауыр болған.

Мамандардың айтуынша, күзетші мен полицейдің шапшаң әрекеті, сондай-ақ баланың салмағының аздығы оның өмірін сақтап қалуға септігін тигізген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий