"22 жыл қамақта болған". Әйел балаларымен жылдар бойы зорлап келген өгей әкесінен қашып құтылды

20.09.2025 14:04
0
1
Shutterstock

Бразилияның Парана штатында әйел 22 жыл бойы өгей әкесінің қамауында болып, одан үш бала туған. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Жәбірленуші 7 жасынан бастап зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Өгей әкесі оның өмірін толық бақылауда ұстап, психологиялық және физикалық қысым көрсеткен.

16 жасында қыз жүктіліктің әсерінен өгей әкесіне мәжбүрлі түрде тұрмысқа шыққан. 22 жыл ішінде ол одан үш бала дүниеге әкелген.

Өткен аптада, 16 қыркүйекте, әйел балаларын дәрігерге апарамын деп сылтау айтып, полицияға жүгініп қашып шыққан. Оның жасы қазір 29-да.

Құқық қорғау органдары көп ұзамай 51 жастағы күдіктіні ұстады. Үйін тексеру барысында полиция бейнекамералар мен зорлық әрекеттері түсірілген жазбаларды тапқан. Кейбір жазбаларда ер адам жәбірленушіні басқа ер адамдармен қатынасқа түсуге мәжбүрлегені анықталды.

Күдіктіге зорлау, бостандықтан заңсыз айыру және психологиялық қысым көрсету баптары бойынша айып тағылды. Оған 100 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Жәбірленушінің анасы да куәлік берген, алайда полиция оның үстінен бөлек тергеу жүргізіліп жатқан-жатпағанын хабарлаған жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий