"28 жыл еңбек еттім": Дариға Бадықова тез байып кетті дегендерге жауап берді
Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова табысқа қалай жеткенін айтып, сырттан айтылатын қаңқу сөздерге жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің сөзінше, жетістіктің артында жылдар бойы төгілген тер мен қажырлы еңбек тұр.
"Бадықова тез байып кетті деген сөздерді естіп қаламын. Ешқандай да тез байыған жоқпын. Осы өнерде 28 жыл еңбек еттім. Жасырмаймын, интуициям алыстан сезеді. Қаншама ұйқысыз түндер, қорғансыз күндерім болды. Барлық шешімді өзім шығарып, дұрыс па, бұрыс па деп қорыққан кездерім өтті", – деді Дариға Бадықова.
Актриса өзі үшін адалдық пен адал еңбектің орны қашан да бөлек екенін де атап өтті.
"Маған берген бақ-дәулетті мойындағыларың келмей ме? Кеудемде жаным бар екенін, осы өнер арқылы біраз жерге барғанымды туып-өскен елім біледі. Мен біреуге бермесем, алмаймын", – деп түйіндеді сөзін ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.11.2026
17:31
Мектептерден ай сайын 375 мың теңге талап етілм...
08.11.2026
16:25
Қарағанды облысында ер адам жанжал кезінде әйел...
08.11.2026
15:32
50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп дирек...
08.11.2026
14:33
ҚазҰУ-дағы жұмбақ өлімі: Студент қыздың өліміне...
08.11.2026
13:36
Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір...
08.11.2026
12:34
Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы...