Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қаза тауып, көлік өртеніп кетті

Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қаза тауып, көлік өртеніп кетті
Видеодан кадр

Атырау облысында Атырау – Индер тасжолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Апат салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмып, көліктердің бірі толықтай өртеніп кеткен.

Оқиға 7 қарашада облыстық маңызы бар Атырау – Индер автожолының 17-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Sienna және Niva маркалы екі автокөлік соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Niva көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал Toyota Sienna автокөлігі соқтығысудан кейін отқа оранып, толығымен жанып кеткен.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу