Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы су басты

Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы су басты
Видеодан кадр

Ақтау қаласында бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірқатар аумақты су басып, тұрғындарға қолайсыздық туындады, деп хабарлайды Politico.kz.

Қала көшелерінде жаңбыр суы жиналып, көлік қозғалысы қиындаған.

Мәліметке сәйкес, 7 қарашадан бері жауған жауын-шашынның салдарынан қаланың 11 аумағында су жиналған. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Ақтау әкімі Мақсат Мұқаштың айтуынша, су басқан аумақтардағы суды сору жұмыстарына 20-ға жуық арнайы техника мен коммуналдық қызметтің 50 жұмысшысы жұмылдырылған.

Бір тәулік ішінде, яғни күндіз және түнде қаладан шамамен 10 мың текше метр жаңбыр суы сорылып шығарылған. Қазіргі уақытта мамандар су жиналған учаскелерді тазалап, жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, су сору және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін жалғасады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу