«31 желтоқсан демалыс бола ма?»: Еңбек министрлігі жауап берді
84
Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарды жиі мазалайтын «31 желтоқсан демалыс күні бола ма?» деген сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомствоның түсіндіруінше, «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, тек ұлттық және мемлекеттік мерекелер ғана ресми демалыс саналады. Жаңа жыл (1–2 қаңтар) мерекелік күн ретінде бекітілгенімен, 31 желтоқсан бұл санатқа жатпайды. Сондықтан ол күнтізбе бойынша автоматты түрде демалыс болып есептелмейді.
Дегенмен, жұмыс берушілер заң аясында ұжым үшін дербес шешім қабылдауға құқылы. Мекемелер ішкі тәртіпке сай:
- жұмыс уақытын қысқартып;
- икемді кесте ұсынып;
- ұжымдық шарт арқылы бұл күнді толықтай корпоративтік демалыс етіп белгілей алады.
Сондай-ақ министрлік алдағы 2027 жылға арналған демалыс күндерін ауыстыру кестесі әзірленіп жатқанын, бекітілген соң нақты мәлімет жарияланатынын мәлімдеді. Ал қоғамда жылдың соңғы күніндегі қарбаласты ескеріп, 31 желтоқсанды ресми демалыс күндері тізіміне қосу туралы бастамалар әлі де жиі көтеріліп келеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
16:11
Астанада қызға тиіскен ер адам видеоға түсіп қалды
15.10.2026
15:40
Павлодарда оқушылар белгісіз дәрілерден уланып ...
15.10.2026
15:19
Қазақмыс Жезқазғандағы мыс зауытының негізгі қо...
15.10.2026
15:18
Қызылордада көлік анасы мен сәбиін қағып, 5 айл...
15.10.2026
15:04
«31 желтоқсан демалыс бола ма?»: Еңбек министрл...
15.10.2026
14:13
Өскеменде 61 млн теңге жымқырғандардың жазасы а...