32 жастағы әйел кішкентай қызын аяусыз азаптағаны үшін үш жылға сотталып кетті

32 жастағы әйел кішкентай қызын аяусыз азаптағаны үшін үш жылға сотталып кетті
15.08.2025 13:35
0
160
ашық дереккөз

Ресейдің Курган қаласында өзінің кішкентай қызына екі жыл бойы зорлық-зомбылық көрсеткен әйел үш жылға жалпы режимдегі колонияға сотталды. Бұл туралы өңірлік Тергеу комитеті мәлімдеді.

Тергеу деректеріне сәйкес, 32 жастағы әйел 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта мас күйінде қызына үнемі қол жұмсап, тәрбиелік міндеттерін мүлде орындамаған. Осы фактілер бойынша «азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот үкіміне сәйкес, сотталушыға үш жыл бір ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда жаза баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды.

Осыған ұқсас жағдай Приморье өлкесінде де тіркелді: онда анасы мен өгей әкесі ұл баланы алты жылға жуық уақыт бойы жүйелі түрде азаптаған. 2019 жылдан бері 12 жасар балаға тұрақты түрде дене жарақатын салып келген. Мектеп директоры прокуратураға хабарлап, содан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Тексеру нәтижесінде баланың қабырғалары сынғаны және күйік жарақаттары анықталған. Ата-анасының нақты қандай әрекеттерге барғаны айтылмағанымен, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды және ата-ана құқығынан айырылатыны хабарланды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий